USD
USD
USD

Залал – 24 млн теңге: «ҚазАвтоЖолға» қарасты компания қызметкерлері күдікке ілінді

«ҚАЖсервис» ЖШС Ақмола облыстық филиалының лауазымды тұлғалары өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.

Теңге
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметтік және аудиторлық тексеру нәтижелері негізінде басталды. «ҚазАвтоЖол» компаниясының мәлімдеуінше, алдын ала анықталған залал көлемі 24 млн теңгеден асқан.

Бұдан бөлек, СҚО-да жол құрылысымен айналысқан мердігер ұйымның техникалық қадағалау жөніндегі бас инженері ұсталды. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері 8 шілдеде пара алу кезінде ұстаған. Ол орындалған жұмыстардың қол қойылған аралық актісінде көрсетілген сомасының 1 пайызы көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

«Бұл фактілер ішкі бақылау, аудит және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі аясында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде анықталды», – делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ 2025 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес техникалық және авторлық қадағалау мамандары мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілетіні атап өтілген. Осыған байланысты оларға да заңнамада көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен жауапкершілік қолданылады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu