USD
USD
USD

Закіржан Кузиев Мәжіліс депутаты болып сайланды

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың алдын ала нәтижесін жариялады.

Закіржан Кузиев Мәжіліс депутаты болып сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Сайлау нәтижесі бойынша Закіржан Кузиев 60,94% дауыспен жеңіске жеткен. Оның қарсыласы Виталий Тварионасқа сайлаушылардың 30,12 пайызы дауыс берген. 

Сайлауға бас-аяғы 425 адам қатысты. Дауыс берушілер қатарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындаған еді. Ал Майя Бекбаева мен Зәкіржан Кузиев ҚХА басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер