USD
USD
USD

Зәкиева Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін мәжбүрлі көшіру мәселесіне қатысты пікір білдірді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында Бағанашылдағы балалар үйін Алматыдан Қонаевқа көшіруге қатысты дауға пікір білдірді.

Динара Закиева
Фото: Мәжәләс

Алматы, NEGE. Динара Зәкиева бүгін балалар үйінің емес, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатқан балалар көшірілгенін айтты.

«Бүгін балалар үйінің емес, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатқан балалар көшірілді. Онда өмірлік қиын жағдайға тап болған және облыстың әртүрлі бөліктерінен келген балалар уақытша тұрады.

Көктемде балалар мен әкімдік арасындағы кездесудің қорытындысы бойынша, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатқан балалар мен мекеменің өзі көшетіні шешілген болатын, бұл ақпаратты мен көктемде жариялағанмын.

Алайда Алматы облысының әкімдігі бейімдеу орталығында тұратын балалардың көшуі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпеді. Соның салдарынан бүгін жол берілмейтін жағдай болды: балалар үйінің түлегі, қыз бала есінен танып қалды, бір баланың аяғы жарақаттанды. Осы жағдай бойынша, балалардан келген хабарламадан кейін соңғы апта ішінде бірнеше рет әкімдікке жүгіндім. Алайда жергілікті атқарушы орган хабардар етпей, келісілмеген әрекеттерді жүзеге асырды.

Барлық жағдайлар бойынша Президент әкімшілігі тексеру жүргізеді, арнайы топ құрылды. Өңірлік Уәкіл балалармен бірге. Мен де балаларға бара жатырмын», – деді Зәкиева. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы

Астана маңында төрт адамды өлтірген ер адам түрме жазасынан босатылды

адам өлімі