USD
USD
USD

Зайсанға жаңа әкім тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды.

Зайсанға жаңа әкім тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың өкімімен Зайсан ауданының әкімі лауазымына Серік Зайнулдин тағайындалды.

Серік Зинабекұлы 1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан қаласында туған.

1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады.

1981-1986 жылдары – Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті.

1986-1991 жылдары Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» кеңшарында бас зоотехник болып жұмыс істеді.

1991-1993 жылдары – «Айнабұлақ» кеңшарының директоры, 1997 жылға дейін - аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы.

1997-2004 жылдары ол Зайсан ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін орынбасары, 2004-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды.

2007-2010 жылдары – Катонқарағай ауданының әкімі, 2010-2013 жылдары – Зайсан ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

2013 жылдың 28 маусымынан бастап қазірге дейін Үржар ауданының әкімі болып қызмет еткен.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам