USD
USD
USD

Зайнутдинов Мәскеудің ЦСКА командасына ауысуы мүмкін

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов Мәскеудің ЦСКА командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Зайнутдинов Мәскеудің ЦСКА командасына ауысуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Чемпионат» сайтында мәлім етілгендей, қазіргі кезде «Ростов» (Дондағы Ростов) командасында ойнап жүрген Б.Зайнутдиновты ЦСКА-ға алу жөнінде келіссөз жүргізілуде. Өткен маусымда Ресей біріншілігінде Б.Зайнутдинов «Ростов» құрамында 17 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Жаңа маусымда 3 матчта алаңға шығып, екі мәрте ескерту алды. Жартылай қорғаушының «Ростовпен» келісімшарты биылға дейін есептелген, оның трансферттік құны 2 млн еуроға бағаланып отыр. Кеше өз алаңында күтпеген жерден «Рубин» (Қазан) клубынан 1:2 есебімен ұтылып қалған ЦСКА турнир кестесінде 7 ұпаймен жетінші орында келеді. Биыл бар болғаны үш ұпай жинап, қарқынын баяулатып алған «Ростов» бүгін Уфада жергілікті командамен күш сынасады. Өткен маусымда ЦСКА төртінші, «Ростов» бесінші орынға көтеріліп, екеуі де Еуропа лигасында ойнауға жолдама алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Сарапшы 4,6 млрд доллар айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастауды ұсынды

.

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

.

Шымкентте мүгедектігі бар әйел туыстарының кесірінен баспанасыз қалған

.

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы