USD
USD
USD

Юлия Путинцева Australian Open-де Дарья Касаткинадан жеңіліп, турнирден шықты

Қазақстанның екінші, әлемнің 23-ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымында Ресейдің 10-ракеткасы Дарья Касаткинаға жол берді.

Юлия Путинцева
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Үш кездесудің екеуінде Касаткина жеңіске жеткен болатын. Өткен жылы Мадрид қаласында  Путинцева 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Осы жолғы кездесудің алғашқы партиясында Путинцева 3:0 есебімен алға шыққаса да, қарсыласы оны 5:5 ұпаймен теңестіріп, сәтті брейк жасап, 7:5 есебімен жеңді. Екінші сетте Путинцева тағы да қиындыққа тап болып, Касаткина 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл ойын бір сағат 20 минутқа созылды. Путинцева эйс жасамай, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды, ал Касаткина 1 эйс, 6 брейк-пойнтпен нәтижелі ойнады.

Дегенмен, Юлия Путинцева үшін биылғы Аустралия ашық чемпионаты сәтті басталды. Ол қазіргі кезде WTA рейтингісінде 20-орынға көтеріліп, жарысқа жақсы дайындықпен келгенін көрсетіп отыр.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция