Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

YouTube – ақша табу алаңы

"Өтпелі кезеңдегі медиа нарығы" Қазақстандағы БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған ХІІ Media құрылтайдың кезекті мәжілісінде "Вдудь" YouTube каналының атағы жер жарып жатыр ма? Қазақстандық журналистер мен блогерлер YouTube-тің шыңын қалай бағындыруда" атты тақырып талқыға салынды.

YouTube – ақша табу алаңы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спикерлердің төртеуі - орыстілді, біреуі - қазақтілді. Осыдан-ақ бұл контентте орыстілді  аудиторияның бәсі жоғары екенін аңғаруға болады.

Айталық, "Digistan" YouTube жобасының ортақ негізін салушы Әлішер Елікбаев: "Кейіпкер табу қиын. Министрлерді шақыруға тырыстық. Алғашқы болып Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келісті. Біз бәріне ашықпыз" десе, "Аman Tasygan Live" You Tube каналының негізін салушы Аман Тасығанның айтуынша, спикерді әркім өзінше ашуы мүмкін. Аман Тасыған жүргізетін Talklike 2018 жылы шықты. Қазір 500 мыңнан астам қаралымы бар. Бұл Salem Social media жоқ кездегі көрсеткіш. Сондықтан өзіңнің талантты екеніңді YouTube каналында дәлелдеуге әбден болады" дейді журналист.

"YouTube - бірінші телеарна" деп есептейтін спикерлер бұл контентті өзіңді көрсетудің және ақша табудың таптырмас алаңы санайды.

Бұл тұрғыда "Гиперборей" YouTube каналының авторы және жүргізушісі Вадим Борейко: "Мемлекеттік тапсырыс, анау-мынау деп жатыр. Пойыз кетіп қалды. Бәрің YouTube каналына келіңдер" дейді. Осы пікірді толықтырған Аман Тасыған: "Дәстүрлі журналистикадан жаңаға көшу қиын. Әріптестеріме "келіңіздер, жұмыс істеңіздер" десем, комфорттан шыққысы келмейді. Кез келген адаммен сөйлесе аласыз. Тақырыпқа,  кейіпкерге, өткір сұрақ қоюға да шектеу жоқ" деп ақша табамын дейтіндерді YouTube каналына шақырды.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov