USD
USD
USD

YouTube пен Instagram жас қызға 4,2 млн доллар төлеуге тиіс

Лос-Анджелестегі алқабилер соты Meta (Facebook пен Instagram иесі) және Alphabet Inc. (Google мен YouTube иесі) компанияларын 20 жастағы қолданушыға әлеуметтік желіге тәуелділік салдарынан келтірілген психологиялық зардабы үшін 4,2 млн доллар өтемақы төлеуге міндеттеді.

 Әлеуметтік желі
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Технологиялық корпорациялар YouTube пен Instagram платформаларының дизайнын әзірлеу кезінде салғырттық танытқан – желі дизайны жасөспірімдер арасында тәуелділік тудырып, психологиялық мәселелерге әкеп соқтырған. Лос-Анджелесте алқабилер осындай байламға келді, деп жазады Bloomberg.

Бұған қоса Alphabet пен Meta 1,8 млн доллар айыппұл төлеуге тиіс.

Қыз YouTube пен Instagram платформаларының ерекше дизайны осы екі желіге тәуелді еткенін айтып, сотқа жүгінген. Алқабилер бұл платформалардың дизайнын әзірлеуде корпорациялар салғырттық танытып, пайдаланушыларға ықтимал қауіптер туралы ескерту жасамағанын растады.

Сот процесі барысында талапкердің адвокаттары аталған платформалардың мазмұнына емес, дәл осы YouTube пен Instagram-ның дизайнына назар аударды. Олар алқабилерді «компаниялар желі қолданушыларын, соның ішінде балаларды әдейі тәуелді етуді көздеген» деген уәжге сендіре алды.

Meta заңгерлері талапкердің психологиялық мәселелері әлеуметтік желіге тәуелділіктен емес, күрделі отбасылық жағдайдан туындағанын алға тартқан. Ал TikTok пен Snapchat іс бойынша жауапқа тартылған болатын, алайда сот басталғанға дейін тараптар өзара бітімге келген.

Ірі технологиялық компаниялар платформа дизайнына байланысты көп жылдан бері сынға ұшырап келеді. АҚШ конгресі әлі күнге дейін әлеуметтік желілерді реттейтін федералдық заң қабылдаған жоқ, сондықтан шектеулердің көбі жекелеген штаттар деңгейінде немесе сот шешімдері арқылы енгізілуде.

2025 жылы АҚШ-тың шамамен 20 штаты кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерді пайдалануын реттейтін заңдар қабылдады. 2026 жылдың соңына дейін әлеуметтік желіге тәуелділікке қатысты тағы бірнеше прецеденттік сот шешімі шығарылады деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді

Нұрдәулет Қилыбай

Әлемде әрбір алтыншы бала мектепке бара алмайды – ЮНЕСКО

білім

28 наурызда онкологиялық орталықтар науқастарды тегін әрі жолдамасыз қабылдайды

скриниг

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

.