USD
USD
USD

Йеменде су тасқынынан жеті адам қаза тапты

Йеменде нөсер жауын мен су тасқыны салдарынан жеті адам көз жұмды. Қаза тапқандардың бесеуі –  балалар, деп хабарлайды Анадолы.

Йемен
Фото: Анадолы

Алматы, NEGE. Жергілікті биліктің мәліметінше, апат төрт провинцияны қамтыды: Шабуа, Хадрамаут, Лахдж және Хадджа.

Лахдж провинциясының Тубен ауданында тасқын бір адамның өмірін қиды, бес адам құтқарылды. Көліктер су астында қалып, бірнеше үй қираған.Шабуа мен Хадрамаутта екі бала және тағы бір тұрғын қайтыс болды. Бұған дейін хуситтердің бақылауындағы 26 September Net сайты Хадджа провинциясында үш баланың қаза тапқанын хабарлаған еді.

Йеменнің метеорологиялық және ерте ескерту орталығы қатты жауын-шашынның әлі де жалғасуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сақтыққа шақырды.

Қазір оқып жатыр

Флорентино Перес Қайрат Боранбаевқа ерекше сыйлық жасады

Боранбаев

Астанада тұмау мен ЖРВИ жұқтырған 300-ден астам адам ауруханаға түсті

грип

Татьяна Ким Wildberries бас директоры қызметінен кетті

Вайлберрис

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

.