6 Маусым 09:30

«YASAWI жұлдызы-2024» атты белсенді студенттерді марапаттау кеші өтті

«YASAWI жұлдызы-2024»
Фото: Ясауи университеті

Іс-шараның басты мақсаты – 2023-2024 оқу жылы көлемінде университет қызметіне және қоғамдық жұмыстарға белсенді атсылысқан студенттерді ынталандыру.

Түркістан, NEGE. Мерекелік шарада университетіміздің спорт саласын дамытуға үлесін қосып, әлемдік, халықаралық және республикалық жарыстарда абыройымызды асқақтатып жүрген жаттықтырушылар мен үздік спортшы студенттерді марапатталды.

Сондай-ақ, «Үздік студент», «Үздік студенттік деканат», «Үздік клуб», «Үздік студенттік декан», «Үздік төраға», «Үздік спортшы», «Үздік белсенді», «Үздік волонтер», «Үздік капитан», «Үздік амбассадор», «Үздік гид», «Үздік медиа жұлдызы», « Үздік би тобы», «Үздік дәстүрлі әнші», «Үздік музыкант», «Үздік эстрада әншісі», «Үздік жүргізуші» номинацияларының иегерлері анықталды.

Бұдан өзге, «Жыл жаналығы», «Жыл балмұздағы», «Үздік мобилограф», «Үздік жатахана бөлмесі», «Үздік ардагер белсенді», «Үasawі Face», «Үздік диктор» сынды, жалпы саны 30-дан астам номинация өз иесін тапты.

Сонымен қатар білім ордамызда өз белсенділігімен көзге түсіп, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының дамуына елеулі үлес қосқан белсенді жастар, студенттік деканаттар мен ұйымдарға да алғыс хаттар табысталды.