USD
USD
USD

«Yasawi» дебат клубы үздіктер қатарынан көрінді

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Yasawi» дебат клубының мүшелері түрлі пікірсайыс байқауларында жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Фото: Қожа Ахмет Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Университет пікірсайысшылары кезекті турнирде де үздік екенін дәлелдеді.Таяуда Түркістан қаласында «Пікірсайыс-көшбасшылар алаңы» атты республикалық деңгейдегі турнир өтті. Түркістан облысы әкімінің кубогы бәйгеге тігілген республикалық турнирде еліміздің 5 аймағынан 32 фракция өзара бақ сынады.

Пікірсайыс турниріне университет атынан «Кенесары хан» фракциясы құрамында Әбілхан Мейірбек пен Смағұл Арайлым қатысты.

Сайыс нәтижесінде оратор шеберлігі мен функционалды білімінің жоғарғы деңгейін көрсеткен студенттер Әбілхан Мейірбек және Смағұл Арайлым «АПФ» форматы бойынша Бас жүлдені жеңіп алып, 400 000 теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Сондай-ақ, «ЛД» форматы бойынша Смағұл Арайлым «Ең үздік спикер» номинациясын және 50.000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы иеленді.

Бұған қоса, студенттеріміз Ақтөбе қаласында өткен «Ұлттық рух: жастар және болашақ» атты республикалық пікірсайыс турнирінде де жақсы нәтиже көрсетті. Турнирге 9 өңірден 62 фракция қатысты.

«Yasawi» дебат клубынан 4 бірдей фракция сынға түсті. Олар: «Бекзат Саттарханов» фракциясы атынан – Ахметов Асет және Жақсылық Қолаңшаш, «Он жеті үштен төрт» фракциясы атынан – Арифов Сулейман және Нағмат Айсенім, «Бәлки» фракциясы атынан – Сейдеш Рамазан және Бескен Аяулым, «Үркер» фракциясы атынан – Таубаева Назерке және Джайшилик Мадина.

Турнир нәтижесі бойынша, «Он жеті үштен төрт» фракциясы 1/4 кезеңге дейін өтті. Ал «Бекзат Саттарханов» фракциясы 1/2 жартылай финалға шығып, жүлделі 4 орынды жеңіп алды.

Дебат турнирлерінде жоғары нәтиже көрсеткен студенттерді ректор өкілі м.а. Нажи Генч арнайы қабылдап, жүлделі орындарымен құттықтады.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Пәтер

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Жер сілкінісі