Ясауи университетінің оқытушылары Өзбекстанда семинар өткізді
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушылары Өзбекстанда өткен «Дінаралық диалог және толеранттылық – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» атты Халықаралық ғылыми жиынында семинар өткізді.
Түркістан, NEGE. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1997 жылдан бастап 16 қараша бүкіл әлемде – «Халықаралық толеранттылық күні» ретінде белгіленді. 2019 жылдан бері көрші мемлекетте де Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің бастамасымен «Халықаралық толеранттылық күнін» атап өту дәстүрге айналған. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып, «Жаңа Өзбекстандағы діни толеранттылық» тақырыбында толеранттылық апталығы өтті.
Апталық аясында Өзбекстан Халықаралық Ислам Академиясында – «Дінаралық диалог және толеранттылық – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» атты халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды. Дін өкілдері жиылған маңызды басқосуда «Ясауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD Бауыржан Сайфунов «Діни экстремизмге қарсы тұруда Ясауи мәдениетін жұмсақ күш ретінде қолдану» тақырыбында және Теология факультеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі, PhD Фэриде Камалова «Діни төзімділікті нығайтудың ғылыми-теориялық негіздері» атты семинар өткізді.
Халықаралық ғылыми семинарға Түркия, Малайзия, Индия, Оңтүстік Корея, Ресей, Шотландия, Армения, Қазақстан және Өзбекстанның ғалымдары, Ташкент және Өзбекстан епархиясының, Орыс православие шіркеуінің діни қызметкері, ЮНЕСКО-ның «Дінтану және әлемдік діндерді салыстырмалы зерттеу» кафедрасының, Өзбекстан Халықаралық Ислам Академиясының ғылыми қызметкерлері, оқытушы-профессорлар құрамы және басқа да мамандар мен академия студенттері қатысты.
Қазір оқып жатыр
Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген
Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген
Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады
ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген