USD
USD
USD

Ясауи университетіне Түркиядан білікті дәрігерлер келіп, тәжірибесімен бөлісті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клиника-диагностикалық орталығына «Ата жұрттан ана жұртқа: денсаулық көпірі» жобасы аясында Түркия Республикасынан білікті дәрігер мамандар келіп, тәжірибесімен бөлісті.

Yassawi University
Фото: Yassawi University

Түркістан, NEGE. Атап айтқанда, Стамбул университеті және Жеррахпаша медицина факультетінің невропатолог дәрігері, профессор доктор Харун Жансыз, дәрігер маман Рафет Йылдырым мен ортопед дәрігері, профессор доктор Мехмет Акиф Кайгысыз өз бағдарламалары аясында КДО дәрігерлерімен бірлесе отырып, бірнеше ота жасады.

Өңірде жиі жасала бермейтін оталар сәтті өтті.

Yassawi University
Фото: Yassawi University

Сонымен қатар, түркиялық дәрігерлер университеттің Клиника-диагностикалық орталығы мен Түркістан телеарнасының бірлескен жобасы – «Шипа» бағдарламасында қонақта болып, еліміздің әр өңірінен түскен түрлі сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар, университеттің денсаулық сақтау саласындағы жобасы аясында невропатолог, профессор доктор Чигдем Өзкара және нейрохирургия маманы, профессор доктора Мұстафа Узан практикалық және теориялық білім берді.

Ал, 22-24 мамыр аралығында Түркістан қаласы мен оған жақын облыстардан келген неврология, нейрохирургия, Нейрохирургияжәне нейропсихология салаларының мамандарының қатысуымен «Эпилепсия мектебі» өтті.

Мектептің бірінші күні Түркияның жетекші эпилепсия мамандары теориялық білім берсе, келесі күндері Түркістан мен жақын маңдағы қалалардан келген диагнозы қойылмаған ауруларға баға берді. Эпилепсия хирургиясына сәйкес келетін науқастарды анықтау және оларды бақылау туралы шешімдер қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай