USD
USD
USD

Ясауи университетінде Тұрақты даму мақсаттары бойынша кезекті ғылыми семинар өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Ғылыми-зерттеу институттары арасында Тұрақты даму мақсаттары бойынша ғылыми семинар өтті.

Ясауи университеті
Фото: Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Семинар – Тұрақты даму мақсаттарының: «Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым», «Жауапты тұтыну және өндіріс», «Құрлық экожүйелерін сақтау», «Тұрақты даму үшін серіктестік» тақырыптары аясында жүргізілді.

Басты мақсат – қатысушыларға Тұрақты даму мақсаттары мен бағыттарын түсіндіру. Институт қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарын және ғылыми еңбектерін «Тұрақты даму мақсаттарына» байланыстыра отырып жазу, кілт сөздерді қолдануды көрсету.

Жиында ең алдымен, Тұрақты даму мақсаттырын енгізу мен оған қол жеткізу кезеңдері БҰҰ өкілдері мен Қазақстан Республикасы үкіметі тарапының үнемі бақылауында болатыны жөнінде айтылды. Сондай-ақ, Тұрақты даму мақсаттарының 2030 жылға дейін таңдалған 17 негізгі бағыты жеке-жеке талқыланды.

Іс-шара қатысушыларына әр тақырыптың өзектілігі мен маңызы жайлы ақпараттар берілді. Қызметкерлер ғылыми жұмыстар мен ғылыми еңбек жазу барысында Тұрақты даму мақсаттарының жоғарыда аталған бағыттарымен жұмыс істеуді үйренді.

Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауаптар алды.

Қазір оқып жатыр

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған