USD
USD
USD

Ясауи университетінде тоғызқұмалақтан ересектер және жастар арасындағы Азия кубогы өз мәресіне жетті

Тоғызқұмалақтан ересектер мен жастар арасындағы Азия кубогы өз мәресіне жетті.

Ясауи университеті
Фото: Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Университетіміздің ұйытқы болуымен, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы біріге ұйымдастырған сайыс тартысты өтті.Жарысқа Қазақстан, Түркия, Ресей, Монғолия, Қытай, Ауғаныстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан құрама командаларынан 40-қа жуық спортшы тоғызқұмалақтың рапид түрінен қатысты. Ал, блиц түрінен 9 кезеңде 70-тен астам спортшы бақ сынасты. Сондай-ақ, университетіміздің атынан 16 спортшы қатысты.

Сайыс төрешілерінің қатарында Халықаралық дәрежедегі төреші, Түркі халықтарының зияткерлік ойындары (ғылыми-практикалық) орталығының басшысы Қашымхан Дәуренқұлов пен Бас хатшы, Өзбекстаннан келген Халықаралық дәрежедегі төреші Жақсыбай Қалмуратов пен өзге де мамандар болды.Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Тоғызқұмалақтан ересектер мен жастар арасындағы Азия кубогын иеленді. Ал, тоғызқұмалақтың рапид түрінен Қырғызстан құрамасы 1-орынды жеңіп алды.

Жүлдегерлер арасынан оқу ордамыздан Гевхер Шохрадова және Розыгулу Маликулиев 3-орынды қанжығаларына байлады. Жеңімпаз атанған қатысушылар қаржылай және басқа да сый-сияпаттарға ие болды.

Жеңімпаздарды ректор Жанар Темірбекова мен Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Шотаев және облыстардан келген жаттықтырушылар арнайы марапаттады.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші