USD
USD
USD

Ясауи университеті мен Түркияның Орду университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумы түзілді

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Түркия Республикасының Орду университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумы түзілді.

Ясауи университеті
Фото: Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Жиынға ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Нажи Генч және Орду университетінің ректоры Орхан Баш қатысты.Меморандумның мақсаты – екі университеттің өзара мүдделерін ескере отырып, білім және ғылым саласында игі бастамаларды көтеру.

Педагогикалық ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар, журналистика, информатика сынды өзге де салалар бойынша ынтымақтастық орнату.

Тараптар келісім негізінде алдағы уақытта: қос дипломды білім беру бағдарламаларын дайындау, өзара оқытушылар және студенттердің алмасуы, ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, семинарлар мен академиялық мәжілістерге қатысу сияқты жұмыстарды жүзеге асырады.

Аталмыш меморандумға ректор Жанар Темірбекова мен Орду университетінің ректоры, профессор Орхан Баш қол қойды.Қос тарап ынтымақтастық келісімі аясында игі істер атқаруға, білім-ғылым саласын дамытып, тәжірибе алмасуға ниет білдірі.

Кездесу соңында Жанар Темірбекова мен Орхан Баш оқу ордалардың атынан бір-біріне сый-сияпаттар табыстап, естелікке суретке түсті.

Орду университеті - 2006 жылы құрылған мемлекеттік жоғары оқу орны.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Салтанат Аманқосова

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Чемодан, саяхат, көшу

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Намаз

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Бақытгүл Хаменова