USD
USD
USD

«Ясауи философияның мәні» атты ғылыми семинар өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ғылым айлығының аясында «Ясауи философияның мәні» тақырыбында ғылыми семинары өтті, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі. 

Ахмет Ясауи университеті
Фото: Ахмет Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Жиын басында Иран Ислам Республикасы Тебриз университетінің қауымдастырылған профессоры Хусейн Хошбатени сөз алды. Ол Ирандағы Қожа Ахмет Ясауидің орны мен оның шығармашылығының құндылығы туралы айтты.

Содан соң философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай Ясауи хикметтерінің мәні, философияның өзегі, адамның «кемелдікке» жетуі үшін қажетті білімді игеруі жайлы кеңінен баяндады.

Досай Кенжетай: «Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ (көркем мінез-құлық) арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни даналық мектебінің негізін қалаған - Қожа Ахмет Ясауи. Оның шығармашылығы даналықтың кені» дей отырып, Ясауи мұрасының мән-маңызына ерекше тоқталды.

Семинар соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.