USD
USD
USD

«Яндекс» сервистеріндегі ақау: министрлік не дейді?

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Яндекс Go» қосымшасының жұмысындағы ақауға байланысты мәлімдеме жасады. Ведомство ақпартынша, қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректерін сақтауға арналған серверлері ел аумағында орналасқан және қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Такси
Фото: Pixabay

Астана, NEGE. Бұл ретте министрлік өкілдері такси және жеткізу қызметтеріне қажетті жекелеген компоненттер Қазақстан аумағынан тыс жерде орналасқанын атап өтті.

«Пайдаланушылар үшін сервистердің үзіліссіз жұмыс істеуі бірінші кезекте маңызды. Сондықтан деректерді Қазақстан аумағында орналастыру және цифрлық платформалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету – кешенді шешімді талап ететін екі бөлек міндет», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ қазіргі уақытта «Яндекс» сервистердің жұмысын қалпына келтіру шараларын жүргізіп жатқаны белгілі болды. Министрлік қажетті қолдау көрсету мәселелері бойынша компаниямен және қазақстандық инфрақұрылымдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Сонымен бірге билік өкілдері такси және жеткізу қызметтерін ұсынатын басқа платформалардың жүктеме артқан жағдайда да тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Еске салсақ, 11 қазанда Қазақстанда «Яндекс Go» қосымшасының жұмысында ақау шықты. «Яндекс Go Қазақстан» ақау барын растады. Көп ұзамай Ресейдің Владимир қаласындағы «Яндекстің» деректер орталығына дрондар шабуыл жасағаны хабарланды. Ресейлік БАҚ мәліметінше, шабуыл салдарынан орталықтың жабдықтары зақымданып, жұмысы тоқтаған.

Қазір оқып жатыр

Балалары ажырасқан соң бұрынғы құдағилар сотқа жүгінді

Сот

Басына пакет кигізіп алып шыққан: Алматыда ер адамды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды

Күдікті

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.