USD
USD
USD

«Яндекс Диск» қызметіндегі ақаудан кейін Кенесары туралы фильм материалдары жоғалып кеткен

Қазақстандық режиссер Мұхтар Омаров украиналық дрондар шабуылынан кейін «Яндекс Диск» қызметінде ақау шығып, салдарынан «Хан Кенесары: Соңғы шайқас» деректі фильміне арналған кейбір архивтік материалдар жоғалып кеткенін мәлімдеді.

 «Яндекс Дисктегі» материалдар
Фото: mukhtar.umarov/threads.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде режиссер Threads желісінде жазды. Айтуынша, ол материалдар тарихи оқиғаларды тереңірек көрсету үшін фильмнің мазмұнын толықтыруы тиіс болған.

Абырой болғанда фильмнің негізгі материалдарының резервтік көшірмесі сақталған. Деректі фильм жұмысы жалғасуда.

Еске салсақ, 11 қазанда Қазақстанда «Яндекс Go» қосымшасының жұмысында ақау шықты. Көп ұзамай Ресейдің Владимир қаласындағы «Яндекстің» деректер орталығына дрондар шабуыл жасағаны хабарланды. Ресейлік БАҚ мәліметінше, шабуыл салдарынан орталықтың жабдықтары зақымданып, жұмысы тоқтаған.

Бұл ретте Қазақстаннның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі  қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректерін сақтауға арналған серверлер ел аумағында орналасқанын және қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Ермек Көшербаев елшілік қызметке оралды

Ермек Көшербаев

Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 4,3 млрд долларға азайды

доллар бағамы

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережесі өзгереді: емтиханды қайта тапсыру ақылы болмақ

техникалық тексеру

ІІМ шетелдіктерге ЖСН беру кезінде тексерісті күшейтпек

ІІМ