USD
USD
USD

Яна Легкодимованың өлімі үшін сотталғандар «Қара бүркітке» жеткізілді

23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Қатимов пен Ризуан Хайрыжанов Атыраудағы тергеу изоляторынан Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясына этаппен жеткізілді.

сот
Фото: Яна Легкодимова

Астана, NEGE. Бұл жөнінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

«Аталған тұлғалар заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жазасын өтеу орнына жіберілді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін сотталған Алтынбек Қатимов пен Ризуан Хайрыжановтың Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында отырғаны және әлі де жазасын өтеу орнына жеткізілмегені хабарланған-ды.

Еске салсақ, 2025 жылғы 17 қарашада Яна Легкодимованың өлімі бойынша сот үкімі шықты. Сот Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимовты алдын ала сөз байласып, тапсырыспен жасалған топтық кісі өлтіру және бөтен мүлікті жою қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танып, екеуіне де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf