USD
USD
USD

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған

23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Қатимов пен Ризуан Хайржанов әлі күнге дейін тергеу изоляторында отыр.

Ризуан мен Алтынбек
Фото: azh.kz

Астана, NEGE. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың әлі этаппен жеткізілмегенін хабарлады, деп жазады «Ақ Жайық» басылымы.

«Өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталғандар қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында отыр. Олар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының арнайы күзетін бөлуге өтінім жолданды», – дейді Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Азамат Ізтілеуов.

Оның айтуынша, арнайы күзет бөлінгеннен кейін сотталғандар жазасын әрі қарай өтеу орнына этаппен жеткізіледі. Алайда әзірге этаптау уақыты белгісіз.

Айта кетейік, 2025 жылғы 17 қарашада Яна Легкодимованың өлімі бойынша сот үкімі шықты. Сот Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимовты алдын ала сөз байласып, жалдамалы түрде жасалған топтық кісі өлтіру және бөтен мүлікті жою қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танып, екеуіне де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаңтарда «Не молчи» қоры сотталғандар үкімді өзгертуді сұрағанын хабарлады. Қор өкілдерінің мәлімдеуінше, Ризуан өз шағымында сотқа «қоғам тарапынан өте күшті қысым» жасалғанына наразылық білдірген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.