Референдум Референдум
USD
USD
USD

Яна Легкодимованың қазасы: Сотталғандар үкімді өзгертуді сұраған

23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов апелляциялық шағым түсірді. 

instagram.com/legkodimova_
Фото: instagram.com/legkodimova_

Астана, NEGE.  Бұл жөнінде «Не молчи» қоры хабарлады.

«21 қаңтарда жәбірленуші тарап сотталған Ризуан мен Алтынбектің апелляциялық шағымын алды. Бұрын олар қысқаша апелляциялық шағым түсірген болса, енді үкімге сүйене отырып, олар егжей-тегжейлі шағым түсіріп жатыр. Ризуан "повесть" жазып жіберген, адвокаттар әзірге құжаттарды қарап жатыр.

Қысқасы, сотталғандар "үкімді өзгерту керек деп есептеймін..." дегендей жазған», – делінген қордың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған хабарламада.

Қордағылардың хабарлауынша, Ризуан өз шағымында сотқа «қоғам тарапынан өте күшті қысым» жасалғанына наразылық білдірген.

Янаның анасы шағымдағы «әр пункті теріске шығарып, дәлелдеу» үшін екі адвокат жалдаған.

«Келесі қадам – апелляциялық сот. Үкім күшіне енсе, Ризуан мен Алтынбек №39 мекеме – "Қара бүркітке" ауыстырылады. Олар қазір тергеу изоляторында отыр, телефоны мен интернеті бар сияқты», – делінген жазбада.

Айта кетейік, 2025 жылғы 17 қарашада Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өлімі бойынша сот үкімі шықты. Сот Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимовты алдын ала сөз байласып, жалдамалы түрде жасалған топтық кісі өлтіру және бөтен мүлікті жою қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танып, екеуіне де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда