16 Мамыр 15:30
...

Пайдасыз Машкевич. Қазақстан НЕГЕ ERG тарапынан көк тиын дивиденд алмады?

Фото:

2017 жылдан бері Қазақстан бюджетіне Eurasian Resouced Group (ERG) тарапынан еш дивиденд түспеген. Қазақстан халықаралық топтың ең ірі акционері болып табылады.

ERG акцияларының 40%-ы Қазақстанға, 20,7%-Александр Машкеевичке, 20,7%-ы Мұқадасқан Ибрагимоваға (марқұм Әліджан Ибрагимовтың жесірі), 18,6%-ы Патох Шодиевке тиесілі. ERG қызметіне қатысты Nege.kz сауалына жауап берген Қаржы министрлігі, 2017 жылы өткен Люксембург сотында Анатолий мен Габриель Статилердің Қазақстанның үстінен түсірген шағымына қатысты атқарушылық іс бойынша, активтердің бұғатталғанын хабарлады.

Олигархтардың Еуразиялық үштігі, солдан оңға қарай: Әліджан Ибрагимов (1953-2021), Александр Машкеевич, Патох Шодиев. Фото: kg.akipress.org

ERG-ның Люксембургте тіркелгенін ескерсек, бұғатталған активтермен бірге, ERG-ден бізге аударылуы тиіс дивидендтерге де шектеу қойылған. Қазір бізге тиесілі дивидендтер ERG арнайы шоттарына белгіленген тәртіппен аударылып отыр. Ол елімізге Люксембург сотының шешімі күшін жоймайынша сол жерде сақталатын болады.

ERG-ның Қазақстанда «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі», «Қазақстан алюминийі», «Қазхром», «Еуразиялық энергетикалық корпорация», «Жәйрем» тау-кен байыту зауыты, «Қазақстан электролиз зауыты», «Шұбаркөл Көмір», «Еуразиялық Групп», «3-Энергоорталық», «ТрансКом», «Қашар Руда» мен «ERG Service» сынды компаниялары бар. ERG Қазақстанға 2019 жылы 170,2 миллиард теңге, 2020 жылы 141,2 миллиард, ал 2021 жылы 168,9 миллиард теңге салық төлеген.

Қаржы министрлігі ERG арнайы шоттарына түсіп жатқан қазақ халқына тиісті дивидендтер сомасы туралы ақпарат бермеді.

Оның көлемін анықтау үшін, Nege.kz Қаржы министрлігіне кезекті сауал жолдап отыр.  

Тегтер: