USD
USD
USD

WTA 125: Зарина Дияс сүрінді

Қазақстандық Зарина Дияс Чикаго WTA 125 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

WTA 125: Зарина Дияс сүрінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік рейтингте 112-орында тұрған З.Дияс ширек финалда әлемнің 66-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Энн Лимен кортқа шықты.

Бірінші партияда брейк жасаған америкалық теннисші басымдылық көрсетті – 6:4.

Екіншісінде Зарина артығымен есе қайырды – 6:2. Үшінші, шешуші сетте алдымен Ли брейк жасап, алға шыққанымен, Зарина таразы басын теңестірді – 2:2.

Алайда америкалық спортшы күш алып, есепті 5:2-ге жеткізді.

Бұдан кейін қазақстандық теннисші қайыра брейк жасағанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 3:6. Тартысты бәсеке 1 сағат 56 минутқа созылды. Э.Ли финалға шығу үшін аустралиялық Сторм Сандерс немесе даниялық Клара Таусонның біреуімен таласады.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors