USD
USD
USD

Жүк кемесі суға батып кетті

Находкадан Жапонияның Кинуура портына (Айти орталық префектурасы) бет алған Панама туын ілген құрғақ жүк таситын кеме Жапон теңізінде апатқа ұшырап, бір адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Жүк кемесі суға батып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеме бортында 18 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы – Вьетнам азаматтары. Көмір тиелген жүк кемесі сәрсенбі күні кешке Жапонияның Симанэ префектурасынан 380 км жерде апат дабылын берген.

Бейсенбі күні таңертең ол жерге Оңтүстік Кореяның жағалау күзетінің күзетшісі барған. Ол жүк кемесі экипажының 17 мүшесін тапқан, олардың барлығы құтқарылды.

Жүк кемесінің өзі батып кетті. Бір адам хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. Оны іздеумен жапон жағалау күзеті айналысуда.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан