Жолаушылар ұшағы құлады

21 шілде, 18:03
Жолаушылар ұшағы құлады
Фото: google.com

Сомалиде жолаушылар ұшағы құлады. Бұл туралы сәрсенбі күні Goobjoog News жаңалықтар порталы мәлім етті. 

Алматы, NEGE. Порталдың дерегінше, апат Сомалидің оңтүстігінде, Гедо ауданындағы «Эль-Вак» әуежайында орын алған. Ұшақ бортында 45 жолаушы болған. Апат туралы әзірге басқа мәліметтер берілмей отыр.