USD
USD
USD

Жесір әйел күйеуінің ақшасын күндесімен бөлісуге мәжбүр болды

Италияның Турин қаласында тұратын әйелдің күйеуі көлік апатынан қайтыс болған. Артынша, ол күйеуінің көзіне шөп салып келгенін білген. Марқұм көзі тірісінде өмірін сақтандырған екен. Ал көңілдесі сақтандыру төлемінің жартысын алып қойған.

Жесір әйел күйеуінің ақшасын күндесімен бөлісуге мәжбүр болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 39 жастағы отағасы 2020 жылы апатқа ұшырап, қайтыс болған кезде, әйелі мен баласы қалада болмаған соң, полиция марқұмның денесін тануға оның көңілдесін шақырыпты.

Туринге қайтып келген соң, күйеуінің көзіне шөп салғанын білген әйелге оның көңілдесімен кездесуге тура келген. Сотта. Көңілдесінің адвокаты бұл әйелдің де өтемақы алуға құқығы бар екенін айтып, сақтандыру компаниясын көндіріп қойыпты. Жесірге ақшаның жартысын төлетуге мәжбүрлеген. Адвокаттың пікірінше, марқұм қалған өмірін көңілдесімен өткізгісі келген көрінеді.

Көңілдесінің айтуынша, көзі тірісінде ер адам аптаның үш күнін онымен, қалған төрт күнін отбасында өткізіпті. Сондықтан өлген кісінің туысы ретінде сақтандыру төлемін алуға толық құқығы бар екен. Сот та осы шешімді қос қолдап қолдапты.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.