20 Маусым 17:26

Үндістандық штамға қарсы иммунитет қалыптастыру жолы қандай?

Фото:

Ресейлік аллерголог-иммунолог Владимир Болибок үндістандық штамға қарсы иммунитетті қалыптастыру жолын айтты, – деп хабарлайды Lenta.ru.

Алматы, NEGE. Дәрігердің сөзінше, ағзаны күшейтудің бір ғана жолы бар, ол – дәрі-дәрмектер. Маман иммунитетті күшейтуге иммуномодуляциялайтын құралдар тобына жататын препараттартарды қолдануды ұсынды.  Дәрігер ауруға қарсы иммунитетті күшейтудің дәрілік емес әрекеттері профанация екенін айтады. 

«Адам иммунитетінің деңгейі екі параметр бойынша анықталады. Біріншісі – генетикасы, екіншісі – жасы. Адамда иммундық қорғаныш деңгейі «бағдарламаланған». Сәйкесінше, кей кезде иммундық жүйе жақсы жұмыс істесе, кейбір вирус пен бактерияға қарсы әрекет ете алмауы мүмкін. Ол әр адамда әртүрлі болады», – дейді Болибок.  

Дәрігер адам өмірінде төтеп бере алатын вирус пен бактериямен кезігетінін айтады.

«Сондай-ақ оған адам жасы да әсер етеді. Орта есеппен адамда 35 жасына қарай жасырын не ашық түрде созылмалы ауру болады. Сәйкесінше, COVID-19 сол жас шкаласы бойынша иммундық жүйеге әсер етеді. Яғни адам жасы неғұрлым үлкен болса және иммундық жүйесі әлсіз болса, соғұрлым оған вирус белсенді түрде шабуыл жасайды», – дейді маман. 

Тегтер: