Тоkyо 2020: індетке қарсы шараларға $960 млн бөлінеді

30 қараша, 15:35
Тоkyо 2020: індетке қарсы шараларға $960 млн бөлінеді
Фото: 24.kz

Токио Олимпиадасындағы коронавирусқа қарсы шаралардың шығыны 960 млн доллар болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы. NEGE. Қаражаттың басым бөлігін Жапония үкіметі бөлуі тиіс. Бұл туралы жергілікті Kyodo ақпарат агенттігі хабарлады. Бөлінген қаржы есебінен қосымша медициналық құрал-жабдық сатып алынып, тестілеу жүйесі жасалады. Сондай-ақ «Йомиури» газетінің жазуынша, Олимпиаданың Ұйымдастыру комитеті жазғы ойындарына дайындалуға және оны өткізуге қосымша 1 млрд 900 млн доллар бөлді. Айта кетейік, бастапқы бюджет 12 млрд 300 млн долларды болған еді. Бірақ халықаралық спорт жарысын бақандай 1 жылға шегеру шығынды көбейте түсті.