21 Маусым 09:48

Токиода Олимпиаданың өтуіне наразы топ тағы шеруге шықты

Фото:

Жапония астанасында бір топ белсенді жазғы Олимпиаданы өткізуге қарсы тағы наразылық шеруін өткізді.

Алматы, NEGE. Акцияны ұйымдастырушылар спорттық шара елде коронавирустың өршуіне әкеледі дейді. Ал жергілікті билік Олимпиаданың ашылу салтанатына 20 мың адамды кіргізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары шілденің 23-і мен тамыздың 8-і аралығында өтуге тиіс. Наурыз айында билік ойындар шетелдік жанкүйерлерсіз өтететінін мәлімдеді. Ал жергілікті спортсүйер қауым стадиондарға белгілі шектеулермен кіргізілмек.

Тегтер: