USD
USD
USD

Tesla 2 миллионға жуық электромобилін кері қайтарып жатыр

Илон Масктың Tesla компаниясы екі миллионға жуық электромобиль көліктерін кері қайтаруға мәжбүр. Биылдың өзінде екінші рет. АҚШ Жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық әкімшілігі екі жылға созылған тексеруден кейін Tesla электрокөліктерінің басқару жүйесінен ақауларды анықтаған, деп хабарлады informburo.kz.

Tesla 2 миллионға жуық электромобилін кері қайтарып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2015 жылдан бастап сатыла бастаған Tesla көліктері автопилот жүйесімен жабдықталған. Солардың бәрі дерлік кері қайтаруға жатады. Соңғы жылдары автопилот қосулы кезінде болған апаттар саны жиілеп кеткеннен кейін АҚШ Жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық әкімшілігі арнайы тексеру жүргізген болатын. Бұл тексеру екі жылға созылды. Оның барысында 956 апаттың себебі зерттелген. 

Дегенмен, Tesla көлік иелері үшін электромобилін компанияның сату не сервис орталықтарына апару қажет емес екенін хабарлады. Бұл үшін компания бағдарламаның жаңартуларын тікелей көліктің борттық компьютеріне жібереді. 

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева