USD
USD
USD

Талибан өкілі: Ауған әйелдері ер адамдармен бірге жұмыс істемеуі керек

«Талибан» қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілі Вахидулла Хашими REUTERS агенттігіне ауған әйелдері ер адамдармен бірге жұмыс істемеуі керегін мәлімдеген.

Талибан өкілі: Ауған әйелдері ер адамдармен бірге жұмыс істемеуі керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Хашимидің сөзінше, тәліптер халықаралық қоғамның қысымына қарамастан «ислам құқығының өзіндік нұсқасын» дайындайды. 

«Біз 40 жылдай Ауғанстанда шарихат жүйесінің енгізілуіне күрестік. Шарихатқа сәйкес, ер адам мен әйел адам бір жерде жиналып отыра алмайды. Олар бірге жұмыс істей алмайты. Бұл түсінікті. Әйел адамдарға біздің кеңсеге келіп, біздің министрліктерде жұмыс істеуіне тыйым салынады», – деді Хашими.  

Агенттік мәліметінше, бұған дейін ауған әйелдеріне жұмыс істеп, білім алуына рұқсат берілетіні туралы мәлімдемелер жасалған. «Талибан» басқарған 1996-2001 жылдары оған тыйым салынған.   

Қазір оқып жатыр

«Қызғаныштың кесірі»: Жамбыл облысында медицина қызметкері қаза тапты

адам өлімі

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau