22 Қыркүйек 10:42

«Талибан» БҰҰ-дағы тұрақты өкілін жариялады

Фото:

 «Талибан» үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысына ресми хат жолдады.

Алматы, NEGE. Ол құжатта Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы жаңа елшісінің тағайындалғаны жарияланған. Тәліптер бұрынғы президент бекіткен Гулам Исак-зайды бұл лауазымнан алып тастаған. «Талибан» үкіметі тағайындаған жаңа өкіл – Мохаммад Су-хайль Шахин.

«Талибан» үкіметінің ресми өкілі Забинулла Муджахид: "Біздің үкіметті мойындаудың барлық халықаралық ережелері бар емес пе?! Халықаралық қауымдастық ауған елімен ынтымақтасқысы келсе, көмек көрсеткісі келсе, бізді дипломатиялық жолдармен ресми билік деп танысын. Сонда осы жолдар арқылы қордаланған мәселелерді шеше алады", – деді.

Тегтер: