Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Спутник V салдырғандар АҚШ-қа кіре алмайды

  Ресейлік Спутник V препаратын қабылдағандар АҚШ-қа кіре алмайды.

Спутник V салдырғандар АҚШ-қа кіре алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлайды. Қараша айынан бастап АҚШ билігі шекарасын туристерге ашпақ ниетте. Алайда жергілікті биліктің талабы бойынша Дүниежүзлік Денсаулық Сақтау ұйымы немесе Америка билігі мақұлдамаған вакцинаны еккен шетелдік азаматтар үшін АҚШ-қа кіруге рұқсат жоқ. Сонымен қатар Үндістандық Ковак-Син препаратын еккендер де құрама штаттарына бара алмайды.

Қазір мойындалған екпелердің тізімінде Pfizer, Moderna,Сина-Фарм мен Сина-Вак вакциналары бар. Айта кетейік, соңғы екі препарат Қазақстанда қолданысқа енгізілген. Сарапшылар АҚШ билігінің бұл шешімінен ресейліктер ғана емес, өзге ел тұрғындары да зардап шегетінін айтып отыр. Өйткені Спутник V вакцинасының 448 млн дозасы әлемнің өзге өңірлеріне сатылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев