USD
USD
USD

Сеул мэрі өлерінің алдында хат жазып қалдырған

Өлі күйінде табылған Сеул мэрі Пак Вон Сун өзінің жұмыс үстеліне хат жазып қалддырған. Қала мэрі хатында жақындарынын кешірім сұраған. Бұл ақпаратты Сеул қалалық әкімшілігі хабарлады.

Сеул мэрі өлерінің алдында хат жазып қалдырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мен барлығының алдында кінәлімін. Әркез жанымнан табылған адамдардың үмітін ақтай алмадым. Мен отбасыма да қайғыдан басқа ештеңе бермедім. Қош болыңдар!», - деп жазылған хатта. 

Сондай-ақ қала басшысы денесін ата-анасының жанында жерлеуді сұраған. 

Жоғалып кеткен 64 жастағы шенеуніктің денесі ресми резиденцияның маңындағы орманнан табылған. Ол жоғалып кеткеннен кейін қызы полицияға жүгінгені белгілі еді. Қолдағы нақтыланған ақпаратқа сай Сеул мэрі өзіне қол жұмсаған. 

Бұған дейін қала басшысына қарсы қызметкері зорлық көрсетті деген айыппен сотқа жүгінгені белгілі. Қызметкерінің сөзіне сенсек, ол шенеуніктен жәбір көрген жалғыз адам емес. 

Қазір оқып жатыр

15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды

Кәрім Меңдіқанов

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

.

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Қарағанды

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев