2 Маусым 11:37

Сағыздан көз жұмған қыздың анасы басқаларға абай болуды ескертті

Фото:

 Ұлыбритания тұрғыны сағыздың қаупі туралы ескертті. Өйткені қызының өліміне кінәлі сағыз деп біледі.

Алматы, NEGE. 19 жастағы Саманта Дженкинс 2011 жылдың маусым айында қайтыс болған. Анасы Мария Морган: «Бұл күн кешегідей есімде. Мен ас үйде шай жасап жатқан едім, үстел басында күнделікті әңгімелер айтып отырғанбыз, ал ол өзін нашар сезінетінін айтқан еді»,  – дейді анасы Мария Морган. Мария бұның күннің ыстығына байланысты екенін айтып, қызына су ішіп, жатуға кеңес беріпті. Қ

ызы өз бөлмесіне бет алған кезде есінен танып қалған. Ауруханаға жедел жеткізген кезде, комаға түсіп, артынша қайтыс болған.  Дәрігерлер қыз уланған деген сенімде болған. Бірақ аутопсия кезінде оның асқазанынан төрт-бес ашық жасыл сағыз табылды. Тергеуді қорытындылай келе, қыздың өлімі сағызбен байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Анасы қызының сағызды қатты жақсы көретінін және күн сайын бір-екі пакет шайнайтынын айтады. Қыз қайтыс болғаннан кейін оның бөлмесінде ондаған орамалар мен бос пакеттер табылды. «Оның әр сөмкесінде, жатын бөлмесіндегі әр қорапта сағыздың сырты, бос сағыз қораптары болды», – деді анасы.

Тегтер: