Румен Радев Болгарияның президенті болып қайта сайланды

24 қараша, 10:42
Румен Радев Болгарияның президенті болып қайта сайланды
Фото: ғаламтордан

 Болгария Орталық сайлау комиссиясы сейсенбі күні елдің қазіргі президенті Румен Радевтің президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетіп, аталған лауазымға қайта сайланғанын мәлім етті.

Алматы, NEGE. ОСК жариялаған дауыс беру нәтижесіне сәйкес, Р. Радев жексенбі күні өткен президент сайлауының екінші кезеңінде 66,72 пайыз дауыс жинады. Оның қарсыласы, София университетінің ректоры Анастас Герджиковке электораттың 31,8 пайызы дауыс берген. 14 қарашада Болгарияда президент сайлауы өтті.

23 кандидаттың ішінен ешбірі жеткілікті дауыс жинамағандықтан және дауыс беруге келген тұрғындар саны 50 пайызға жетпегендіктен, бірінші кезеңде президент сайланбады. Бірінші турда көш бастаған Р. Радев пен А. Герджиков екінші турға қатысты. Р. Радев 1963 жылы туған, ол ұзақ уақыт бойы елдің Қарулы күштерін басқарып келді. 2016 жылдың қарашасында өткен президент сайлауында жеңіске жетіп, 2017 жылдың қаңтарында Болгария президенті ретінде қызметін бастады. Конституцияға сәйкес, президент бес жылға сайланады. Ол тек бір рет қана қайта сайлана алады.