Ресейлік компания британдық AstraZeneca компаниясымен коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды келісті

18 шілде, 11:53
Ресейлік компания британдық AstraZeneca компаниясымен коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды келісті
Фото: bbc.com

Ресейдің Р-Фарм компаниялар тобы британдық AstraZeneca компаниясымен бірлесіп коронавирусқа қарсы болуы ықтимал деген вакцинаны өндіре бастайтыны туралы Р-Фарм директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Репик мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Бұл вакцинаны AstraZeneca компаниясы Оксфорд ғалымдарымен бірлесіп әзірлеген. Ресей компаниясы британдықтардың ойлап тапқан дүниесін жаппай өндіріске қойғысы келеді. Ресей тарабы бұған дейінгі айыптауларға қарамастан келісім күшінде қалады деп үміттенуде. Бейсенбі күні Ұлыбританияның киберқауіпсіздік жөніндегі Ұлттық орталығы (NCSC) РФ билігі қолдайтын хакерлердің әлемдегі ғылыми және фармацевтика мекемелерінің коронавирусқа қарсы вакцина мен дәріге қатысты зерттеулерін ұрлап алуға талпынып жатқаны туралы мәлімдеген еді. Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығаруда.