USD
USD
USD

Ресейде вирус жұқтырғандар 3 миллионнан асты

Ресейде коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының саны 3 миллионнан асты. Бұл туралы сенбі күні жаңа инфекциямен күрес жөніндегі федералды штабтан мәлім етті.

Ресейде вирус жұқтырғандар 3 миллионнан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша, Ресей коронавирусқа шалдыққандар саны 3 миллионнан асқан әлемдегі төртінші мемлекет болды.

Алғашқы үштікте - АҚШ, Үндістан және Бразилия тұр.

Ресейде бір тәулікте анықталған жаңа жағдайлар саны 29 258-ге артып, барлығы 3 021 964-ке жетті.

Бұл – ел халқының 2 пайызынан сәл астам.

Салыстыру үшін айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та пандемия басталғалы тұрғындардың 5,7% жуығы коронавирус жұқтырған, Бразилияда шамамен - 3,5%, Үндістанда - 0,7%.

Бүгінде РФ-да барлығы 2 426 439 науқас немесе сырқаттанғандардың 80,3% жазылды. Бұл, АҚШ-қа қарағанда жоғары көрсеткіш, бірақ Бразилия және Үндістанмен салыстырғанда – төмен.

Штаб ақпаратына сәйкес, осы уақытта ем қабылдап жатқан науқастардың саны – 541 299. Қауіпті індеттен 54 226 адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы

Сапасыз қасбет тақталары үшін жеткізушіден 43,5 млн теңге өндірілді

Құрылыс компаниялары

Алматы тауларында ақырған аю даусынан қорыққан туристер құтқарушыларды шақырды

Аю

Тимур Турлов FIDE-нің Ресейге қатысты басты ұстанымын айтты

Тимур Турлов