Ресейде COVID-19 қарсы жаңа вакцина сыналады

22 қыркүйек, 17:06
Ресейде COVID-19 қарсы жаңа вакцина сыналады
Фото: ғаламтордан

Ресейде COVID-19 дертіне қарсы жаңа вакцина сынақтан өтпек. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Алматы, NEGE. Препарат Чумакова атындағы ғылими федералды орталығының мамандарымен әзірленіп жатыр. Вакцинада жасанды әлсіз вирус қолданылады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымдарының талабы бойынша зерттеу жұмыстарына 3 мыңнан астам ерікті жұмылдырылды. Зертханалық жұмыс Киров, Санкт-Петербург пен Новосібір қаласында өтеді. Екпе қабылдаған ерікті 16 күн бойы стационарда жататын болады. Ал денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында болмақ. Болжам бойынша клиникалық сынақ қараша айында аяқталуы тиіс.