Путин карантинге кете ме? news video

14 қыркүйек, 12:48

Ресей президенті Владимир Путин айналасындағылардың коронавируспен ауырып жүргенін жеткізді. 

 Алматы, NEGE. Ол Кремльде паралимпиада спортшыларымен өткен кездесуде  жақын арада карантинге кететінін тілге тиек етті. «Өкінішке қарай, менің айналамда да коронавируспен ауыратындар көбейді. Дәрігерлер әлі бұл вирусты танып, біліп жатыр. Нақты жағдай қалай өрбіп жатқанын анықтау керек. Маған да жуық арада кетуіме тура келеді», – деді Путин.

 Алайда, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің бұл пікірді сөздің реті келгенде айтқанын мәлімдеді.