Президенттің қарындасы вирустан қайтыс болды

21 шілде, 19:14
Президенттің қарындасы вирустан қайтыс болды
Фото: google.com

20 шілдеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы, 64 жастағы Курбонби Рахмонова қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігіндегі мәлімет бойынша, Рахмонова коронавирус инфекциясын жұқтырып, Душанбедегі №5 клиникалық ауруханада емделген.

Рахмонова 21 шілдеде елдің оңтүстігіндегі Дангара аймағында жерленеді.

Қазаға байланысты Тәжікстан үкіметі ел президентіне, оның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Айта кетейік, 5 шілдеде Тәжікстан президенті жұбайының анасы, 88 жастағы Өзбекби Асадуллоева коронавирус белгілері бар аурудан қайтыс болған еді.