USD
USD
USD

Президентті жерлеуге мемлекеттен ақша бөлінбейді

Гаити президенті Жовенель Моизбен қоштасу 22 шілдеде, ал жерлеу рәсімі келесі күні өткізіледі. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, жерлеуге кететін шығындарды Моиздың отбасы толықтай өздері көтереді, деп хабарлайды baq.kz. 

Президентті жерлеуге мемлекеттен ақша бөлінбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша, олар мемлекет қаражатын шығындамайды. 

Президенттің отбасы республика басшысын жерлеумен байланысты шығындардың барлығын толықтай өз мойындарына алады. Президенттің жесірі мемлекеттің қаржылық қолдауын бұл мақсатта пайдаланғысы келмей отыр, - деген ақпаратты елдің бұрынғы басшысының ресми өкілдері таратып отыр. 

Президент Моиз 7 шілде күні оның резиденциясына белгісіз біреулердің шабуыл жасауы кезінде оққа ұшқан болатын. Шабуыл кезінде елдің бірінші ханымы жараланды. Премьер-министрдің міндетін атқарушы Клод Жозеф халықты сабырға шақырып, қауіпсіздік саласындағы жағдайды қарулы күштер мен полиция бақылауда ұстап отырғандығын айтты. Ал министрлер кеңесі республикада 15 күнге әскери жағдай жариялады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трамптан хат алды

Тоқаев, Трамп

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

.

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Temu

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

Бүйрек сату