USD
USD
USD

Pfizer вакцинасын салдырған дәрігердің миы қабынған

Мексикада дәрігер болып жұмыс істейтін 32 жастағы әйел энцефаломиелитпен (жұлын мен миды зақымдайтын жүйке жүйесінің қабынуы) ауырып қалуы мүмкін деген диагнозбен ауруханаға түсті. Жақында ол Pfizer вакцинасын салдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Pfizer вакцинасын салдырған дәрігердің миы қабынған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Энцефаломиелит – жұлын мен ми қабынуы және ол әрі қарай да, тіпті периферикалық жүйке жүйесіне таралуы мүмкін. Бұған дейін энцефаломиелит Pfizer вакцинасының жанама әсерлерінің тізімінде болмаған. Алайда Pfizer-ден кейін аллергиялық реакция берген соң алты адам қайтыс болған. Басылымның мәліметіне қарағанда, ауырып қалған дәрігер Нуэво-Леон штатындағы мемлекеттік ауруханаға жатқызылды. Оның тыныс алуы қиындап, денесі бөрткен. Бұған дейін де дәрігердің басқа препараттарға аллергиялық реакциясы болған. Енді энцефаломиелит Pfizer вакцинасынан кейін пайда болған-болмағаны анықталып жатыр. Алайда әзірге екпені шығарушылар ешқандай пікір білдірмеді. Бұл вакцина Мексикада 24 желтоқсаннан бастап тарап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина ресми түрде алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді, ал жазда Парламент сайлауы өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.