27 Қыркүйек 12:14

Pfizer компанияның бас директоры қалыпты өмірге қашан келетінімізді айтты

Фото:

Pfizer компанияның бас директоры Альберт Бурла індеттен қашан құтылатынымызды айтты. 

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, әлем халқы қалыпты өмірге оралу үшін індеттен кейін бір жыл уақыт керек. ABC телеарнасына берген сұхбатында ол: «Бір жыл ішінде қалыпты өмірге келеміз деп ойлаймын. Қазір коронавирустың жаңа штамы көбейді. Вакцина да шығарылып жатыр. Меніңше, жыл сайын ревакцинациядан өту керек сияқты. Әрине, ол үшін сәл күтіп, мәліметтерді қарау керек», – деді. 

Өткен аптада Moderna компанияның бас директоры Стефан Бансель де швейцариялық Neue Zuercher Zeitung, газетінде осы пікірді айтқан.  Яғни, ол келесі жылдың ортасына дейін әлем халқы түгелдей вакцина салдыру үшін көп мөлшерде доза алу керектігін жеткізді. 

Тегтер: