21 Маусым 20:06

Парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

Фото:

Арменияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тигран Мукучян елдегі кезектен тыс парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады.

Алматы,  NEGE.  Комиссия деректеріне сай, Никол Пашинянның «Гражданский договор» партиясы 53,92% дауыс жинап, жеңіске жетіп тұр.

Арменияның экс-президенті Роберт Кочарянның «Айастан» («Армения») блогы 21,04% дауыс жинап, екінші орынға жайғасты. Елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-басшысы Артур Ванецянның блогы «Честь имею» 5,23% дауыспен үшінші орында.

«Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша, «Гражданский договор» партиясы жаңадан сайланатын парламентте конституциялық көпшілік болмақ (105-тен 71 депутаттан кем емес) және менің басшылығыммен жаңа үкімет құрады», - деп жазды Twitter-де Армения Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян.

Тегтер: