Әлем

05.06.21 Төтенше жағдай: Шекарадағы ауылдар көшіріліп жатыр

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Чон-Алай ауданының шекаралық ауылдарынан халықты эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды Кабар агенттігі. Алматы, NEGE. «Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев Ош облысының Чон-Алай ауданындағы жағдайды толық бақылауында ұстап отыр және жергілікті халықты эвакуациялау жұмыстарына өзі басшылық етуде», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметінен. Министрлік ақпаратына сәйкес, сағат 19.30-дағы жағдай бойынша, Ош облысының Чон-Алай ауданына қарасты Кара-Мык, Жекенди, Кара-Тейит, Чулук және Шибе ауылдарынан тұрғындар Дароот-Коргон ауылындағы А.Сайит атындағы мектепке көшірілуде. Сондай-ақ жергілікті халық А.Мырзақұлов атындағы орта мектепке, 44-политехникалық училищеге және Орталық мешітке орналастырылып жатыр. Эвакуацияға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аудандық бөлімшелері, Чон-Алай ауданының басшылығы және азаматтық қорғаныс комиссиясы жұмылдырылды. «Сонымен қатар ТЖМ гуманитарлық көмекті ұйымдастыруға кірісті. Эвакуация бойынша барлық іс-шара Төтенше жағдайлар министрі Б. Ажикеевтің жеке басшылық етуімен және жіті бақылауымен өткізілуде», - деп жазады Кабар.

05.06.21 Журналистер мінген көлік жарылды

Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігінің (АЗЕРТАДЖ) және Әзербайжан телевидениесінің (АзТВ) қызметкерлері Кяльбаджар ауданының Сусузлуг ауылы аумағында минаға жарылып, қаза болды. Алматы,  NEGE.  Түсірілім тобының көлігі жол үстінде танкіге қарсы минаға түсіп қалып, салдарынан АЗЕРТАДЖ тілшісі Магеррам Ибрагимов пен АзТВ операторы Сирадж Абышев көз жұмды. Зардап шеккендер бар. АЗЕРТАДЖ өзі мүше болып табылатын халықаралық және өңірлік ұйымдарға үндеу жолдады.

04.06.21 МИ-8 МТ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Қырғызстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 МТ тікұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды.

04.06.21 Илон Маск биткоинге неге өш?

Илон Маск өз твиттерінде биткоин хештегін және «жаралы жүрек» эмодзиін жариялаған соң криптовалютаның бағасы төмендеді.

04.06.21 Келін күйеуімен ажырасып, қайын атасына тиіп алды

«Бұрынғы күйеуіммен де араласып тұрамын. Онымен ажырасуға бел буған соң ғана, мен әкесімен жүре бастадым. Бірақ некенің бұзылуына бұл себеп болған жоқ»

04.06.21 Eр мұғалімдер мектепке неге белдемше киіп келді?

Ер мұғалімдер неге ондай шешім қабылдады? 

04.06.21 Балықшылар балықтың ішінен $1,5 млн тұратын құнды зат тауып алды

 Йемендегі 35 балықшы сперматозоидтың денесінен сирек кездесетін амбраны тапты.

04.06.21 ДДСҰ: Әлемде дәрігерлер тапшылығы күшейеді

  Алдағы 10 жылда пандемия салдарынан әлемде миллиондаған медицина қызметкері тапшы болады.