Омбы: Жоғалған дәрігерге Навальныйдың қандай қатысы бар?

10 мамыр, 19:36

Фото: google.com

Омбы облысының денсаулық сақтау министрі Александр Мураховский аң аулауға шыққаннан кейін іс-түссіз жоғалып кетті, – деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. 49 жастағы Мураховский 7 мамырда квадроциклмен орманға кетіп, содан бері оралмаған. Оның таныстары ер адамды іздеуге шыққан, бірақ бір тәуліктен кейін оның жоғалып кеткені туралы полицияға хабарлаған. 

«Большеуковский» полиция пунктінің жеке құрамы, Ресей гвардиясының қызметкерлері, аңшылық инспекторлары және жергілікті тұрғындар жоғары лауазымды шенеунікті іздеумен айналысып жатыр, кейінірек оларға ТЖМ қызметкерлері мен еріктілерден қосымша күштер қосылады. Іздеу операциясына тікұшақтар да қатысады. Қараңғы болғандықтан оны іздеу 10 мамыр таңғы уақытқа дейін тоқтатылды.

Мураховский Омбы облысының Денсаулық сақтау министрлігін 2020 жылдың қараша айында басқарды. Бұған дейін ол Омбы №1 Жедел медициналық көмек ауруханасында бас дәрігер болып жұмыс істеді, онда Алексей Навальный 2020 жылдың жазында түскен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации