Навальныйды басқа түрмеге әкеткен

14 наурыз, 10:16
Навальныйды басқа түрмеге әкеткен
Фото: gazeta.ru

Ресейдегі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды Владимир облысының Кольчугино қаласындағы тергеу изоляторынан басқа жаққа алып кеткен. Бұл жөнінде саясаткердің Twitter парақшасында хабарланды.

Алматы, NEGE. Адвокаттардың айтуынша, 12 наурыз күні оларды түрлі себеппен Навальныймен кездесуге жібермеген. Тергеу изоляторының қызметкерлері Навальныйды қайда алып баратынын айтудан бас тартты.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасаған "ТАСС" ақпарат агенттігі Алексей Навальныйды Владимир облысының Покров қаласындағы №2 колонияға жеткізгенін хабарлады. Бұл түзету мекемесінің қызметкерлері оппозициялық саясаткердің өздеріне жеткізілгенін растаудан я теріске шығарудан бас тартты деп хабарлайды Навальныйдың адвокаты Ольга Михайлова. Басқа дереккөздерге сүйенген Ресейдің өзге ақпарат құралдары да Навальныйдың осы мекемеде жазасын өтейтінін айтты.