4 Маусым 19:39

МИ-8 МТ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Фото:

Қырғызстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 МТ тікұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды.

Алматы, NEGE. Оқиға бүгін Ош облысының Ноокат ауданында болды. 

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бортта 10 адам болған.

«Құрбандар жоқ, алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетіледі», – деді ведомство өкілдері. 

Сонымен қатар, Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі оқиға орнына Ноокат орталығының үш жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілгенін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін қырғызстандық БАҚ өкілдері өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған еді. 

Тегтер: